Әскерилерге есірткі тасып жүрген ұшақтарды атып түсіруге рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерилерге есірткі тасып жүрген ұшақтарды атып түсіруге рұқсат берді

Әскерилерге есірткі тасып жүрген ұшақтарды атып түсіруге рұқсат берді

Боливия президенті Эво Моралес әскерилерге қылмыскерлер есірткі тасуға пайдаланатын ел аумағы үстіндегі ұшақтарды атып түсіруге рұқсат берді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 276
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Боливия әуе кеңістігінің қауіпсіздігін кепілдендіретін заң болмаған аймақтағы бірден-бір ел болып келді.

Мемлекет басшысы елдің кейбір бөлігінде есірткі сатушылар шағын ұшақтарды өздерінің жүктерін тасу үшін жосықсыз пайдаланып отырғанын атап өтті.

«Енді осы заңның арқасында біз есірткінің заңсыз айналымымен күресті жақсартуға мүмкіндік беретін құралға қол жеткіздік», — деді Моралес.