Қазақстанда ескі көліктерді жаңасына ауыстыру жүйесі жетілдіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ескі көліктерді жаңасына ауыстыру жүйесі жетілдіріледі

Қазақстанда ескі көліктерді жаңасына ауыстыру жүйесі жетілдіріледі

Қазақстанда ескі көліктерді жаңасына ауыстыру жүйесі жетілдіріледі.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 727
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан автобизнесі қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев мәлім етті.

«Біздің азаматтар trade-in жүйесін қолданып келеді, алайда біз оны нарықтың барлық қатысушыларына ыңғайлы етіп жасауға тырысудамыз. Жаңа көліктерді сатып алу мүмкіндігінің кеңеюі елдегі экологиялық ахуалды және жолдағы қауіпсіздікті жақсартатыны сөзсіз», — дейді ол.

Оның мәліметтеріне қарағанда, елде 3,5 миллионнан астам көлік бар. Оның 2 миллионы — 20 және одан да көп жыл бұрын шығарылған көліктер.


Бұл жағдай өз кезегінде жолдағы қауіпсіздікке жағымсыз әсерін береді. Біз қазіргі уақытта отандық көліктерді сатып алуға ынталандыратын бірқатар тиімді тетіктерді жасақтаудамыз», — деп атап өтті қауымдастық басшысы.