Air Astana 1-қыркүйектен бастап Дубайға тұрақты әуе рейстерін қайта орындай бастамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Air Astana 1-қыркүйектен бастап Дубайға тұрақты әуе рейстерін қайта орындай бастамақ

Air Astana 1-қыркүйектен бастап Дубайға тұрақты әуе рейстерін қайта орындай бастамақ

Қазақстандық ірі Air Astana компаниясы1-қыркүйектен бастап Дубайға тұрақты әуе рейстерін қайта орындай бастамақ, деп хабарлады сәрсенбіде көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 406
Фото - Caravan.kz

"Алматы-Дубай" маршруты бойынша рейстер аптасына 11 рет орындалады: Air Astana –аптасына 7 рет және араб әуе тасымалдаушысы Fly Dubai – аптасына 4 рет", делінген онда.

Қазақстаннан Дубайға ұшу әмірліктің әуе басшылығының рұқсаты болмағандықтан 2010 жылы қазан айында тоқтатылған болатын, оның орнына Air Astana Абу-Дабиге тұрақты рейстерді орындап келді.

Осы уақыт ішінде көлік министрлігі араб әріптестерімен "Алматы-Дубай" рейсін қайта қолға алу жайында келіссөздер жүргізіп келді.