Кәріз жүйесі болмай нәжіске малынып отырған ауыл тұрғындары шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәріз жүйесі болмай нәжіске малынып отырған ауыл тұрғындары шу шығарды

Кәріз жүйесі болмай нәжіске малынып отырған ауыл тұрғындары шу шығарды

Көктемде суды қойып, енді нәжіс кешіп жүруге мәжбүр. Алматы іргесіндегі Кеңдала ауылының тұрғындары соңғы екі жылдан бері кәріз қалдықтарына тұншығып отыр. Қолқаны қабатын иістен алды ауру жұқтырып, ашынған жұрт бүгін ақыры базыналарын айтып айқайға басты. 5 қабатты үйдің кәріз құдығы әлдеқашан тозған. Алайда оған мойын бұрып жатқан шенеуніктер жоқ.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 528
Фото - Caravan.kz

Қолқа қабатын иістітанауы түзулер қозыкөш жерден аңғара алады. 5 қабатты үйдегі 50-ге жуық пәтердің тұрғындары дәретханада не қалдырса соның барлығы артынша көше бойлап ағып жатыр. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал танауды жабуды тұрғындар әуелде қойған. Өйткені бұл жағымсыз жайт осымен екінші жыл үздіксіз қайталануда.

Медет Шыңбергенов, Кеңдала ауылының тұрғыны:

-Ағып жатқан боқ қой. Бұл жерде бір-ақ септик мынау 50 үйге екі ғана кішкентай құдық. Боқ астында қалып жатыр бетіндегі сідік бетіне шығып жатыр. Шыны керек қой. Оны сордық дейді, сорғаннан кейін екі күн болмайды қайтадан басады.

Айта берсе ағайынның арызы көп. Былтыр шенеуніктер көз қырын да салмағасын өздері жұрттан жылу жинап 40 автокөлікке жүк болатын нәжісті далаға тасып тауысқан. Бірақ биыл тағы сол, көпқабатты үйден аққан үлкенді-кішілі дәрет айналадағы жер үйлердің аулаларын да басуда. Ал жауаптылардан бас қатырып жатқан бірі жоқ.

Александр Мұсабеков, Талғар қаласы “Су құбырлары” МКМ бөлім бастығы:

-Бұл мәселені өздері шешіп алсын, негізі бұл Үкіметтік дейгейде шешілу керек. Кеңдалада орталық кәріз құбыры жоқ, қысқа ғана құбыр жолдары жасалған. Сондықтан жарылған жерді келіп жасаймыз сапасына жауап бермейміз.

Бар мәселені Үкіметке ысыра салған шенеуніктердің өздері де нәжіс иісіне тұншықса керек, көп кідірмей Кеңдаладан іздерін суытты. Сондықтан әкімдерге сайлаудан басқа кезде қажеті жоқ ел өздерінше амалдауға мәжбүр. 


-Мынаны қарашы, өзен ғой мынау деген. Аяғына дейін аққан көшенің не сұмдық мынау?Амал жоқ үйген кірмесін деп дамбылаймыз.

-Кәріз құбырындағы арнасынан ақтарылып көше бойлай атқақтап аққан жын суы көпқабатты үйдегі көп тұрғынның ғана емес жер үйдегі жұрттың да әбден зығырын шығарған. Бұл лас судың қолқаны қапқан қолаңса иісі бір бөлек, аулаға кіріп қақ болып тұрып артынша тұнып қалатыны тағы бар. Ал жергілікті атқамінерлер болса әуелгі өздеріне ұнамды әдеттеріне басып елді құрғақ уәдемен алдаумен келеді екен. Егер жұрт шыдаса алдағы 3 жылдан соң кәріз құбырын түгелімен ауыстырып береміз депті. Әзірге жұрттың жұдырықтай жұмылып бұл суды қалталарынан қыруар қаржы шығарып өздерінің тазалауына тура келеді.