Далада қалған туристер ақыры Анталияға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Далада қалған  туристер ақыры Анталияға жетті

Далада қалған туристер ақыры Анталияға жетті

Саяхатшылар ақыры діттеген жерлеріне жеткізілді. Бүгін таңғы рейспен Алматы әуежайында еріксіз тосылған 180 жолаушы Анталияға ұшып кетті. «Гүлнар-тур»-дан жолдама алғандар кеше Қара теңіз жағасына жеткізілуі тиіс болатын. Бірақ чартерлік рейсті орындаушы Түркиялық ұшақ бір жарым тәулікке кешігіп жеткен. Туроператорлар мұндай жайттердің жиілеуіне себеп - отандық чартерлік рейстердің тапшылығы деп отыр. Қазір сыртқа тек қазақстандық екі компания қатынас жасайды екен. Мамандар сол отандық әуе тасымалдаушылардың қатарын еселеуді сұрап отыр.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

Алматы әуежайында еріксіз тосылған саяхатшылар ақыры бүгін таң сәріден Анталияға аттанды. Жалпы — 180 адам жолынан бөгелген. Көбі «Гүлнар-тур» фирмасынан жолдама алғандар. Келісім бойынша, оларды түріктің «Атлас джет» ұшағы Қара теңізге жеткізуі тиіс болған. Бірақ әуе кемесі кестеден бір жарым тәулікке кешігіп жетіпті. Турфирма оған екі ел арасындағы келіссөздің дер кезінде жасалмауы себеп деп отыр.

Олеся Целовальникова,«Гүлнар-тур» компаниясы директорының орынбасары:

— Азаматтық авиация комитетіне Түрік жағынан құжаттар уақытында жетпеген. Сөйтіп, рейс бір күнге кешікті. Ресми келісім, 17-ші сәуірде жасалды деп бізге «Атлас джет» билеттерін сатты.

Туроператорлар мұндай жайттердің жиілеуіне басты себеп — отандық чартерлік рейстердің тапшылығы деп отыр. Өйткені сыртқа тек «Скат» пен «Бек-Эйр» ғана қатынас жасайды екен. Тек биыл түрік әуе чартерлеріне тыйым салынған соң «Эйр-Астана» 1 ұшақ қосыпты. Демек өзгенің чартеріне бәрібір тәуелді болмақпыз. Сондықтан мамандар отандық әуе компанияларды сүзгіден өткізіп, қатырын еселеуді сұрап отыр.

Салтанат Омарова, турфирма директоры:

-Бізде демалыс маусымы қызған шақта саяхатшыларды жеткізу қиын. Өйткені отандық әуе компаниялардың көбі чартерлік рейстер орындауға қауқарсыз. Менде қазірдің өзінде бірінші демалысқа 10 мың адам алдын ала тапсырыс беріп қойды. Егер түріктерге тәуелді болмайық десек, онда отандық әуе компанияларына талапты күшейтіп, қатарын көбейтейік.

Алайда аз болса да чартер ұсынып, сыртқа шұғыл қатынас жасайтын әуе компанияларына деген халық арасында сенім аз. Мәселен, 8 ұшақ беріп, сұранысты орындап келген «Скат»-тың өзі қазір қаза тізімде тұр. 


Андрей Тен, «Scat» әуе компаниясы тұрақты рейстер департаментінің басшысы:

— Өткен жылдармен салыстырғанда биыл біздің қызметке деген сұраныс 37-38 пайызға өсті. Бұған Үкіметтің түрік чартерлеріне қатысты заңға өзгерту еңгізуі себеп. Әрине, біз де сенімді ақтауға тырысамыз.

Сеніміне селкеу түскендіктен, «Скат»-пен ұшудан бас тартып, қазірдің өзінде 50 адам билетін кері қайтарып алыпты. Оның үстіне, әуе компаниясы бірінен соң бірі жалғасқан тексеруден де көз ашпауда. Сондықтан тұрақты рейс деген желеумен түрік чартерлері бәрібір біздің елге қатынауын жалғастыра бермек.  

-Демек түрік чартерлеріне тәуелді біздің ел үшін «Атлас джет» оқиғасы бірегей болып қала бермек емес. Өйткені ұшақтың бір тәуліктен асып кешігіп жетуіне тағы бір себеп болған деседі. Яғни, ұшақ апатты жағдайда Анталияға кері оралған. Бірақ бұл ақпарды ешкім де ресми растаған жоқ.