Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорына тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорына тапсырма берді

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорына тапсырма берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні «Самұрық-Қазына» мемлекеттік әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен кездесті.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

Кездесуде қордың ағымдағы жұмыстарына қатысты мәселелер мен алға қойылған міндеттер, сондай-ақ, президенттің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы сөз болды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Президент «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтап, оны қордың корпоративтік органдарында талқылағаннан кейін үкімет қарауына беруі тапсырды», — делінген хабарламада.

Н.Назарбаев қор қарамағындағы орта және шағын компанияларды сату процесінің барынша әділетті және нарыққа лайықты бағаға сатылуы қажеттігін қадап айтты.