Австралия жағалауынан табылған металл сынықтарының із-түссіз жоғалған малайзиялық ұшаққа қатысы жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралия жағалауынан табылған металл сынықтарының із-түссіз жоғалған малайзиялық ұшаққа қатысы жоқ

Австралия жағалауынан табылған металл сынықтарының із-түссіз жоғалған малайзиялық ұшаққа қатысы жоқ

Австралияның оңтүстік-батыс жағалауынан табылған металл сынықтарының Malaysia Airlines әуе компаниясының жоғалған ұшағына еш қатысы жоқ. Бұл туралы бейсенбі күні Австралияның Транспорт қауіпсіздігі басқармасы хабарлады.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Біз полицейлер ұсынған фотосуреттерді мұқият қарап шықтық және металл сынықтарының жоғалған лайнерге қатысы жоқ деген қорытындыға келдік», — делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, сәрсенбі күні Австралия жағалауынан ұзындығы 2,5 метрлік металл сынықтары табылған болатын. Кейін олардың фотосуреттері сараптама жүргізу үшін жергілікті және малайзия билігіне жөнелтілген болатын.

Мalaysia Airlines әуе компаниясының «Куала-Лумпур – Бейжің бағытына қатынайтын «Боинг-777» ұшағы 8-наурыз күні белгісіз себептермен бағытын өзгертіп, жерден бауырын көтергеннен кейін бір сағаттан соң із-түссіз жоғалып кеткен болатын.


Сарапшылардың пікірінше, лайнер Үнді мұхитына құлаған болуы мүмкін.