Шымкентте хайуанаттар бағына амурлық жолбарыс әкелінді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте хайуанаттар бағына амурлық жолбарыс әкелінді

Шымкентте хайуанаттар бағына амурлық жолбарыс әкелінді

Шымкенттегі хайуанаттар бағына амурлық жолбарыс әкелінді. Бақ қызметкері Айсұлу Жұтшыбаеваның айтуынша, аталмыш аң әзірге кішкентай, ол небәрі 11 айлық.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 496
Фото - Caravan.kz

 «Барысты күніне бір рет қоректендіреміз. Ол бір жегенде, 7 келіге жуық ет жейді», — деді ол.

Жаңа Шерхан есімді жолбарысты оның тұқымын тарату үшін Молдавиядан әкелді. Шымкенте оны Мая, Жеңіскүл атты аналықтар күтіп алды. Шерхан шамалы өскеннен кейін, ол аналықтармен бірге бір торда тұратын болады.


Амурлық барысты сатып алғанын қызметкерлер өте ұтымды мәміле деп отыр, өйткені бұл аң Қызыл кітапқа енгізілген. Әлем бойынша саны 500-ге жуық қана.