Елбасы EXPO-қалашық құрылысы орнына капсула салды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы EXPO-қалашық құрылысы орнына капсула салды

Елбасы EXPO-қалашық құрылысы орнына капсула салды

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешені салынатын жерде алғашқы тас қалау салтанатына қатысты.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 677
Фото - Caravan.kz

"Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің жалпы алағы 174 гектарды құрайды. Онда алаңы 1 миллион шаршы метрден асатын нысандар салынады, деп

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Салтанат барысында ұлттық компания басшылығы мемлекет басшысына көрме кешенін салу жұмысының кестесін таныстырды.

Негізгі құрылыс-монтаждық жұмыстар 2014 жылғы мамыр мен 2016 жылғы желтоқсанға белгіленген. Көрме кешенінің шеберлік жоспары «Альберт Шпир» неміс компаниясымен бірлесіп әзірленген.

Кешеннің көрме аймағынжа Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық, корпоративтік павильондар, сауда, ойын-сауық, қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінен тыс аймақта конференц зал, баспасөз орталығы, жабық қалашық, тұрғын үйлер, қонақүйлер орын тебеді.