Ресей мен Қазақстан Ауғанстанмен арадағы шекараны күшейту үшін Тәжікстанға беретін қару-жарақ тізімін талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстан Ауғанстанмен арадағы шекараны күшейту үшін Тәжікстанға беретін қару-жарақ тізімін талқылауда

Ресей мен Қазақстан Ауғанстанмен арадағы шекараны күшейту үшін Тәжікстанға беретін қару-жарақ тізімін талқылауда

ҰҚКҰ елдері Ауғанстанмен шекараны күшейту үшін Тәжікстанға көмек көрсету жөнінде шешімдерді орындауда, алайда үлкен көлемді жүкті тасымалдауда біраз қиындықтар туындауда, деп бүгін журналистерге ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 671
Фото - Caravan.kz

«Ресей мен Қазақстан басшылығы қазіргі кезде Тәжікстанға өткізіп берілетін қару-жарақтар тізімін қарастыруда. Ол жаққа көп жүкті тасуға байланысты проблема туындауда», Н.Бордюжа Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Ол Белорусь, Армения, Қырғызстан басшылығы Ауғанстанмен шекараны күшейту үшін Тәжікстанға ауқымды көмек бөлу туралы шешім қабылдағанын атап көрсетті.