2015-2025 жылдарға арналған ғарыштық бағдарлама жобасында ауыр зымыран тасығышты жобалау қамтылған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015-2025 жылдарға арналған ғарыштық бағдарлама жобасында ауыр зымыран тасығышты жобалау қамтылған

2015-2025 жылдарға арналған ғарыштық бағдарлама жобасында ауыр зымыран тасығышты жобалау қамтылған

2015-2025 жылдарға арналған федералдық ғарыштық бағдарламада жүк көтеру қабілеті 70-80 тонналық ауыр зымыран тасығышты жобалау қарастырылады, деп бүгін Роскосмос басшысы Олег Остапенко мәлімдеді.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 644
Фото - Caravan.kz

«Федералдық ғарыштық бағдарлама бекітілмеді. Оны құрып жатырмыз. Таяуда оны жария етеміз. Федералдық ғарыштық бағдарламаға ауыр зымыран тасығыш бойынша жұмыстар қамтылады», дейді ол.

О.Остапенконың айтуынша, ауыр зымыран тасығышты әзірлеу екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде 70-80 жүк көтергіш қабілеті бар зымыран тасығыш құрылады. Ол алдағы 20-25 жылға арналған келешек міндеттердің бәрін жабады, дейді ол.

Екінші кезеңде жүк көтеру қабілеті 120-190 тонналық зымыран тасығыш құрылады.