Ақтауда тубдиспансер емделушісі қарнын тіліп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда  тубдиспансер емделушісі қарнын тіліп тастады

Ақтауда тубдиспансер емделушісі қарнын тіліп тастады

Ақтауда тубдиспансер емделушісі бүгін дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызды. Ауруханадан шыққысы келмеген науқас диспансер қызметкерлеріне ерегесіп өзінің ішін кесіп тастады. Денесінен қан сорғалап тұрған ол, емдеуші дәрігердің үстінен арыздану үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен полиция қыметкерлерін шақыруды талап еткен.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz

Дамир Аралбеков, емделуші:

-Маған өтірік қисайма дейді. Дәрігер аурумен солай сөйлесуі керек пе?

Ауруханадағы айқайға денсаулық саласына жауапты шенеуніктер мен полиция да дереу жетті. Ал айқайға науқастың емдеуші дәрігермен сөзге келуі себеп болған. Тексеру жүргізген ақ халатты Дамир Аралбековтың жағдайының қалыпты екенін айтып, қалған емін үйде жалғастыратынын ескертіпті. Оған келіспеген науқас қарнын ұстарамен тіліп тастаған. Науқас жігіттің диспансерде тұрақты түрде емделгеніне 7 жыл болыпты. Туберкулезді қарақшылық шабуыл жасап темір торға түскенде жұқтырған көрінеді. Дәрігерлердің айтуынша, осы уақыт ішінде бірде бір емін толық алмаған. Тәртіпке бағынбай, үнемі шу шығарып жүреді екен. Дегенмен, бүгінгі қарсылық акциясынан кейін Аралбековты прокурорлар ауруханада қалдырды.


Талғат Әлібаев, Ақтау қаласының прокуроры:

Егер дәрігердің тарапына заң бұзушылық болып, кодекс талаптарына сәйкес этикалық нормалар сақталмаса, прокуратура шара қолданады. Егер емделушінің тарапына осындай талаппен өзінің құқығына нұқсан келген жағдай көрсетілсе, біз баға беретін боламыз. Қазір прокуратураның және облыстық денсаулық сақтау басқармасының атына арыз жазып жатыр.