Атырауда уылдырықпен пара алған майор қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда уылдырықпен пара алған майор қашып кетті

Атырауда уылдырықпен пара алған майор қашып кетті

Атырауда уылдырықпен пара алып, қолға түскен шенді полицей ауруханадан қашып кетті. Исатай аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Ғұбайдуллин қолына кісен салынғанда қан қысымы көтеріліп, емдеу мекемесіне жеткізілген екен.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бір күн өтпей сол жерден із суытып отыр. Мәліметтерге қарағанда, Ғұбайдуллин күзеттегі полицейлерді алдап, әжетхананың терезесі арқылы шыққан. Каспийде бекіре аулауған браконьерлерге ақылы қолдау көрсеткен майор осындай кезекті клиентінен 250 мың теңге мен 3 келі қара уылдырық алып жатқан жерінде қаржы полициясының құрығына түскен болатын. Қашып кеткен бөлім бастығын қазір әріптестері іздестіріп жатыр.


Сандуғаш Жұмағалиева, облыстық кардиоорталық бас дәрігерінің орынбасары:

-Таңғы сағат беске дейін система алды, сағат бесте системасы біткен соң әжетханаға сұранды. Дәл сол бөлмеде әжетхана болатын. Қасында медбике бірге жүрген. Сол жерде желдеткіш арқылы сыртқа шығып, қашып кеткен.