Автокөлік ішінде болған ұрыс адам өліміне әкеп соқтырды - Степногорск - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автокөлік ішінде болған ұрыс адам өліміне әкеп соқтырды - Степногорск

Автокөлік ішінде болған ұрыс адам өліміне әкеп соқтырды - Степногорск

Ақмола облысының Степногорск қаласында жол апатынан бір адам көз жұмып, тағы екі адам жарақат алды.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 371
Фото - Caravan.kz


Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатына жүргізуші мен жолаушының арасындағы ұрыс-керіс түрткі болған.

«Мерседес» көлігінің алдыңғы орындығында отырған 31 жастағы әйел жүргізушімен ұрысып, рульге жабысқан көрінеді. Сол сәтте көлік ағашқа соғылып, дау шығарған келіншектің омыртқасы сынған. Ол сол жерде жан тапсырды. Ал, жүргізуші мен артқы орындықта отырған әйел жарақат алыпты.