Бергей Рысқалиевтің ісі бойынша қолма-қол ақшаға айналдырылған мемлекет қаражатының көлемі аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бергей Рысқалиевтің ісі бойынша қолма-қол ақшаға айналдырылған мемлекет қаражатының көлемі аталды

Бергей Рысқалиевтің ісі бойынша қолма-қол ақшаға айналдырылған мемлекет қаражатының көлемі аталды

Атырауда облыстың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына сотта аффилирленген компаниялар қоғамдастығы арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған бюджет қаражатының көлемі аталды.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 504
Фото - Caravan.kz

Оның бір мысалы ретінде «СнабОйлСтрой» ЖШС келтірілді, оның басшысы Айбат Сүлейменовке мемлекетаралық іздеу жарияланған.

«1С бухгалтерия» мәліметтері бойынша 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде «СнабОйлСтрой» ЖШС кассасынан «Гарант Ойл» ЖШС-ның — 770 000 000 теңге, «Самал-2007» ЖШС-ның — 173 200 000 теңге, «Смарт Строй НСК» ЖШС-ның — 172 900 000 теңге, «Орбита-1020» ЖШС-ның — 89 000 000 теңге, «Регион» ЖШС-ның — 759 000 000 теңге, «Гурон Плюс» ЖШС-ның — 834 000 000 теңге, «Көкше Азимут-2030» ЖШС-ның — 101 400 000 теңге, «Рим-Строй» ЖШС-ның — 344 000 000 теңге, «Магнат-Петропавл» ЖШС-ның — 931 000 000 теңге ақша қаражаттары қолма-қол берілген.  Алайда бухгалтерлік құжаттарда аталған соманың шығын-кассалық ордерлері болмай шықты», — деп хабарлады сотта мемлекеттік айыптаушы.

Еске сала кетейік, экс-әкім  Б.Рысқалиевтің командасы мемлекетке 70 млрд.  теңгеден астам залал келтіруге айыпталуда. Сотталушы орындығында әкімнің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов пен Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керимов бастаған 22 адам отыр.