«Көркем» ТК-де зардап шеккендердің саны 18-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көркем» ТК-де зардап шеккендердің саны 18-ге жетті

«Көркем» ТК-де зардап шеккендердің саны 18-ге жетті

Бүгін таңертең металл құрылғысы құлауы салдарынан «Көркем» тұрғын үй кешеніндегі барлық құрылыс жұмыстары 2 күнге тоқтатылды.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 601
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне нысан қызметкерлері хабарлады.

Олардың айтуынша, жұмыстарды 2 күн тоқтату туралы шешімді құрылыс компаниясының басшылығы айтқан. Осы уақыт аралығында металл құрылғылардың не себепті құлағаны анықталатын болады. Оқиға орнында Астана қаласының ІІД, ТЖД қызметкерлері тексеріс жүргізуде. Сондай-ақ, Есіл аудандық прокуратура қызметкерлері де осында.

Алдын ала мәліметтер бойынша,  зардап шеккендер саны  18-ге жетті, барлығы ҚР азаматтары. Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. Олар  түрлі дене жарақаттарымен Астана қаласының ауруханаларына жеткізілді, екеуі — ауыл халде.


Айта кету керек, «Көркем» тұрғын үй кешенін  Aybin constraction group компаниясы салып жатыр. Компания өкілдері де әзірше оқиғаға байланысты нақты мәліметтерді бере алмайтындарын алға тартуда.