Нұрсұлтан Назарбаев елорда базарларында тәртіпке орнатуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев елорда базарларында тәртіпке орнатуды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев елорда базарларында тәртіпке орнатуды тапсырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы базарларда тазалық пен тәртіп орнатуды тапсырды.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz


«Қазір азық-түлік сатумен айналысатын 15 базардың үштен бірі уәкілетті органнан сапа жөніндегі қорытынды алмаған. Қалай болса солай жұмыс істейді, екіншіден, салық төлемейді. «Еуразия» базарының бір өзі миллиард теңге салық төлемеген. «Шанхайда» тұнған антисанитария», — деді ол Астананы дамыту жөніндегі кеңесте.

«Онда адамдар жұмыс істейді… Жауып, бәрін қуыңдар деп отырған жоқпын. Талап ету керек, мәжбүрлеңдер, айыппұл салыңдар. Антисанитарияға жол беруге болмайды, адамдар сол жерлерден тамақ сатып алады. Сондықтан, әкімдік, Қаржы министрлігі мен Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі қала базарларында тәртіп орнатуы тиіс», — деді ол.