Астана 2050 жылға қарай әлемнің ең жемісті елдерінің ондығына енуге тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана 2050 жылға қарай әлемнің ең жемісті елдерінің ондығына енуге тиіс

Астана 2050 жылға қарай әлемнің ең жемісті елдерінің ондығына енуге тиіс

Астана аймақтың ең жасыл қаласына айналуға тиіс, деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 412
Фото - Caravan.kz

"Мен жасыл аумақтардың, саябақтардың, гүлзарлардың дамуына ерекше көңіл бөлемін. Астананың бәсекелестік жағынан артықшылығы болуға тиіс. Қаланың құрылыстан бос бүкіл жерлері көгалдандырылуға тиіс", деді президент жұмада Астананы дамыту жөніндегі жиында сөйлеген кезінде.

Елбасы климат жағдайы Астанаға ұқсас канадалық Калгари мен Торонто қалаларын мысалға келтірді.

Бұл қалалар адамның өмір сүруіне жақсы қалалар ретінде танылған, деді президент.

"Біздің де қолымыздан келеді. Онда делегация жолдап, тәжірибесін зерттеу керек. Астананы келешекте ыңғайлылығы жағынан мәселен Сингапур сияқты орынға айналдыру қажет, сондай міндет қою керек", деді ол.


" Астана алдында тұрғын үлкен міндет- 2050 жылға қарай әлемнің жемісті қалаларының ондығына ену", деді ол.