Назарбаев: ЭКСПО-2017 персоналы ағылшын тілін білуге тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: ЭКСПО-2017 персоналы ағылшын тілін білуге тиіс

Назарбаев: ЭКСПО-2017 персоналы ағылшын тілін білуге тиіс

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қызмет көрсететін шұғыл қызметтердің қызметкерлері ағылшын тілін меңгеруге тиіс, деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 646
Фото - Caravan.kz


"Көрменің өткізілуіне 2,5 жыл қалды. Көрме өткізу сәтіне дейін шұғыл қызмет, медициналық қамсыздандыру, сервистің бүкіл қызметкерлері ағылшын тілін кем дегенде базалық деңгейде білуге тиіс", деді президент жұмада Астананы дамыту жөніндегі жиында.

Н.Назарбаев атап өткендей, көрмеге көптеген шетелдік адам келмек.

"Қалаға үлкен жүктеме түсетін болады. Мәселен, бір сәттің өзінде Астанада тамақтандыру қызметінің көлемі екі есеге артпақ.Әкімшілік және мемлекеттік органдар оған алдын-ала дайын болуға тиіс. Бүкіл сауда нүктелері, сервис төлем терминалдарымен жарақтандырылуға тиіс. Банктерде қолма-қол ақшаның жеткілікті көлемі болуы шарт", деді ол.