Обама еуропалық көшбасшылармен Украинадағы ахуалды талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Обама еуропалық көшбасшылармен Украинадағы ахуалды талқылайды

Обама еуропалық көшбасшылармен Украинадағы ахуалды талқылайды

АҚШ президенті Барак Обама жұмада украиналық дағдарысқа орай еуропалық елдердің бірқатар көшбасшыларымен келіссөздер өткізбек ниеті туралы мәлімдеді.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 364
Фото - Caravan.kz


"Женевадағы келіссөздерден кейін бұл жағдайға қатысты менің түсінігімді қолдап отырғандарына көзімді жеткізу үшін жұмада кешке еуропалық елдердің басшыларымен сөйлесемін", деді АҚШ президенті Сеулде баспасөз мәслихатында.

"Алдында атап өткенімдей, бізде РФ-ға қатысты бірқатар қосымша нүктелік санкция дайын тұр, соларды талқылаймыз, өйткені Ресейдің Украинаға қатысты іс- әрекеттерінде елеулі өзгерістерді көріп отырғанымыз жоқ", деді Ақ үйдің басшысы.