Боксшыларымыз әлем чемпионатында топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшыларымыз әлем чемпионатында топ жарды

Боксшыларымыз әлем чемпионатында топ жарды

Еуропа лигасының жартылай финалы аясында “Ювентусты” қабылдаған “Бенфика” соғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті.

  • 26 Сәуiр 2014
  • 178
Фото - Caravan.kz

“Эштадиу да Луш” садионындағы бәсекенің не бары 3-ші минутында Эсекьель Гарай алаң қожайындарын алғы шығарды.Үзілістен кейін туриндіктер Карлос Тевестің көмегімен таразы басын теңестірді. Таболдағы бұл есеп көпке дейін өзгере қойған жоқ. Тек 84-ші минутта бразилиялық шабуылшы Лима “Бенфикаға” жеңіс сыйлады. Жартылай финалдың екінші жұбында “Севилья” 2:0 есебімен “Валенсияны” ұтып финалға бір табан жықындады. Енді қарымта матчтар мамырдың 1-де өтеді.    

 

Бокстан еліміздің жастар құрамасы Болгарияда аяқталған әлем чемпионатында командалық бірінші орынды иеленді. Шалқар Айқынбай мен Абылайхан Жүсіпов өз салмақтарында топ жарса, Сұлтан Заурбек пен Вадим Казаковтың енішісінде күміс медаль.

Ел қоржынына тағы бір  қола жүлдені Алуа Балқыбекова тарту етті. Ең бастысы  жеңімпаздар мен жүлдегерлер  тамыз айында Қытайда өтетін жастар арасындағы екінші жазғы олимпиадалық ойындарға жолдама алды.

 


Бүкіләлемдік бокс сериясының былтырғы жеңімпазы «Астана Арландары » биыл да бас бәйгеден дәмелі. Жартылай финалға  сүрінбей жеткен  жерлестеріміз ертең Астана төрінде  «Баку оттары» командасын қабылдайды.

49 келіде  Мардан Берікбаев пен Хамза Наметов, 56 келіде Бағдад Әлімбеков пен Гайрбек Гермаханов, ал 64 те Жәнібек Әжібай мен Ғайбатулла Гаджиалиев кездеседі. 75 келіде Сергей Деревянченкоға  Солтан Мигитинов қарсы тұрса, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Василий Левит пен Абдулкадыр Абдуллаев жұдырық түйістіреді. Екінші жартылай финалға келсек, мұнда кубалық команданың екпіні күшті. Олар кеше Мәскеуде өткен  алғашқы матчта 2:3 есебімен  “Russian Boxing” Team клубын жер қаратып кетті.