Көкпекті тұрғындарына жаңа баспана салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпекті тұрғындарына жаңа баспана салынады

Көкпекті тұрғындарына жаңа баспана салынады

Көкпектінің баспанасыз қалған тұрғындарына 3 айдың ішінде жаңа үйлер салынады. Ауыл тұрғындарымен кезекті рет кездесуге барған Қарағаны облысының әкімі  қамкөңіл қарашаға осындай уәде берді.    

  • 26 Сәуiр 2014
  • 283
Фото - Caravan.kz

Жалпы апаттан ауылдағы 58 үй жарамсыз болып қалған. Құрылыс жұмыстары мамыр айының ортасында басталып, күзде тұрғындар оған қоныстана бастамақ. Қираған үйлерді қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 308 миллион теңге бөлініпті. Сондай-ақ, бүгінге дейін түрлі мекемелер мен кәсіпорындардан жиналған 68 тонна гуманитарлық көмектің 53 тоннасы үлестірілген. Және де Қарағандыдағы жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитын көкпектілік 27 студент оқу ақысынан босатылыпты. Тек мемлекет қаржысы кейін қайтарылуы тиіс екен. Оны әкім апатқа кінәлілерден өндіреміз деп отыр.


Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі:

-Тасқын судан келген шығынды толығымен апатқа кінәлі адам өтейтін болады. Қазір қылмыстық іс жүріп жатыр, соның нәтижесі бойынша жауаптылар анықталады. Шыққан шығынды сот арқылы сол тұлғалардан өндіретін боламыз.