Медиафорумда Украин мен Ресей саясаткерлері шекісіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медиафорумда Украин мен Ресей саясаткерлері шекісіп қалды

Медиафорумда Украин мен Ресей саясаткерлері шекісіп қалды

Елордада еуропалық пен ресейлік саясаткерлер  сөзге келіп қалды. Украинадағы дағдарыс төңірегінде тартысқан тараптар  Майдандағы қанды оқиғаға кімнің кінәлі екенін бірнеше сағат бойы ажырата алмай, ақырында бір-біріне ескерту жасап тынды. Екі күн бойы Астанада өтіп жатқан Еуразиялық медиа форум бүгін дәл осындай қызу тартыспен аяқталды.

  • 26 Сәуiр 2014
  • 297
Фото - Caravan.kz

Украина это моя Родина

— Это не ваша родина

— Это моя родина

— Вы там не родились, вы там не жили, вы там не…

— Не важно кто где родился. Вот смотрите Каломойский вместе с фашистом Ярошем

— Ярош не фашист!

— Ярош — не фашист, я вас поздравляю…

Бүгін Еуразиялық медиа форум қатысушылар мен спикерлердің Украинаға қатысты текетіресінен басталды. Ал, ресми отырыста ресейлік сарапшылар мен еуропалық саясаткерлер Қырымдағы референдум, Ресейге қолданылған санкция төңірегінде ұзақ тартысып, қызыл кеңірдек болды.

Константин Затулин, ТМД мемлекеттері институтының директоры:

-Украина өзінің тәуелсіздік жылдарында унитарлық және жалғыз тілді мемлекет ретінде дамып келді. Бұл елде нысанның, не қаланың атауы тек украин тілінде жазылған, яғни ұзақ уақыттан бері жергілікті орыстілділердің құқығын таптап келді.

Алессандро Минуто-Риццо,  НАТО бас хатшысының экс-орынбасары:

-Украинаны бұрыннан білеміз. Бірақ, ондағы орыстілділер неге соңғы 2-3 айда ғана қысым көріп,ал  Ресей дереу араша түсуге мәжбүр болып қалды? Меніңше, Украинада орыстың орыс болуына ешқандай кедергі жоқ. Бұл саяси қызығушылықтан туған шара.

Бір қызығы Украинадағы жағдай Киевтің ресми өкілінсіз талқыланды. Модератордың айтуынша, Юлия Тимашенкодан бастап бірнеше украиналық саясаткер медиа форумға қатысудан бас тартыпты. Сондықтан Украина тарапын тілшілердің қорғауына тура келді.


-Как долго будеть длится информационная война?  Вчера  казахстанская коллега задает мне такой вопрос:  неужели у вас так плохо, вы там голодные да? А,  «Россия 24»  слушать вообще смешно

Сондай-ақ, бүгін Еуразиялық интеграция мен ортақ валюта төңірегінде де сөз болды. Сарапшылардың пікірі де бұл мәселе бойынша қақ жарылған.

-Сонымен, 2 күндік бойы Қырым, Украина төңірегінде ұзақ сөз таластырған тараптар сол күйі ортақ пікірге келе алмады. Тек жақсы өмір сүруге талпынғаны үшін басы бәлеген қалған Украинаға Ресей мен Еуропа  тыныштық беру керек деп бір-біріне ескерту жасағаны болмаса. Енді әлемнің азулы сарапшылар Астанада бір жылдан соң қайта бас қосады