Ақтауда той кортежін патрульдік полиция бастап жүрген - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда той кортежін патрульдік полиция бастап жүрген

Ақтауда той кортежін патрульдік полиция бастап жүрген

Жол полициясының заңсыз әрекеті Ақтауда үлкен шуға ұласты. Тәртіп сақшыларының қызметтік көлігімен той кортежін бастап жүрген жазбасы бүгін ғаламторда жарияланды.

  • 26 Сәуiр 2014
  • 239
Фото - Caravan.kz


— Тоқтатпа! Тоқтатпа! – Тоқтатпа, кортежді.

-Еу, қаш-ей!!!

 Таспада дабылы қосылған патрульдік көлік қымбат лимузиндер мен «Хаммерлерді» қала көшелерінде бастап жүргені анық көрінеді. Біресе кортеждің артында қалып қойса, кейін жолдың қарсы бетіне шығып алдағы көліктердің шетке шығуын талап еткен. Сәнделген темір тұлпарлар болса тек бірнеше минуттың ішінде жол ережесін сан мәрте бұзады. Таспаның былтыр жазда түсірілгені анықталып отыр. Ішкі істер департаменті сол патрульдік көлікте болған полицейдің бірін жұмыстан қуып та жіберген екен. Ал оның жанында отырған әріптесіне жақын арада жаза қолданылмақ.