Тәртіп сақшысының көлігінің астына түсіп мерт болған Руслан Рахметовты жерлеуге көрші қолаң мен туған туыстары түгел жиналды. Араларында қанды оқиғаға кінәлі капитанның ата-анасы да жүр. Олар марқұмның жақындарынан кешірім сұрауға келген.
Алма Қаңтаева , Айдос Қаңтаевтың анасы:
-Кешірім сұрап,3 күннен бері келіп жүрміз. Біз де кінәлі емеспіз. Не болғаны түк те білмейміз.
Былтыр жазда ауылдан көшіп келген Руслан Рахметов аудан орталығынан мына үйді сатып алған. Енді соның қызығын да көре алмай, бүгін баспанасынан табыты шығып отыр. Марқұм сол түні көрші ауылдағы туыстарынан жаяу қайтып келе жатыпты.
-Оқиға түнгі сағат үш кезінде шамамен мына жерде болған. Қатты соққыдан тәртіп сақшысының ұялы телефоны істен шыққан көрінеді. Ол көлігінің мемлекеттік нөмірін ағытып, мүрденің жанына тастап кеткен. Өзі аудандық ішкі істер бөліміне барып, адам қағып кеткендігін хабарлапты.
25 жастағы полиция капитаны Айдос Қаңтаев Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінде 5 жылдай қызмет етіпті. Төрт ай бұрын лауазымы өсіп, бөлімше бастығына дейін жоғарылаған. Ал оның әріптестері бүгін баспасөз хатшысының рұқсатынсыз қосымша ақпарат беруден бас тартты.
— Хатшы бүгін Мағжан оқулары байқауына қатысып жатыр.
— Кім?
— СҚО Ішкі Істер департаментінің баспасөз хатшысы
Қазір полиция капитаны Айдос Қаңтаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Кінәсі дәлелденде, 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. 25 жастағы жігіт әлі отбасын құрып үлгермепті. Ал одан небәрі екі жыл ғана үлкен марқұм Руслан Рахметовтың артында 7 жасар қызы мен сегіз айлық ұлы қалды.