Бірқатар облыста дүлей боран соғып шатырларды жұлып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар облыста дүлей боран соғып  шатырларды жұлып әкетті

Бірқатар облыста дүлей боран соғып шатырларды жұлып әкетті

Еліміздің басым бөлігінде бүгін боран соқты. Шығыс Қазақстан қатты желдің қарқынына шыдағанымен, Қарағанды мен Ақтөбе облыстарында күшті жел шатырларды жұлып әкетуде. 

  • 26 Сәуiр 2014
  • 326
Фото - Caravan.kz


Ақтөбеде таңсәріден бері қар ұшқындап, арты дүлей боранға ұласқан. Салдарынан көше бойындағы талдар мен бағаналар құлады. Тіпті бір топ оқушының басына автотұрақтың жабындысы құлай жаздады. Сондай-ақ бірнеше тұрғын үйдің шатыры құлап, ондаған автокөлігі зақымданған. Қарағандыда да дүлей желдің екпініне шыдамаған шатырлар көшелерде жайрап жатыр. Әйтеуір зардап шеккен ешкім жоқ. Синоптиктер табиғаттың тосын мінезі солтүстік пен оңтүстік циклондарының соқтығысуынан туған дейді. Сондықтан бұл өңірлерде бүгін ертең күн күрт суытуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді. Оңтүстіктің жылы ауасы қарсы циклонды ығыстырғанша ертең бүрсікүндері Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да күн райы құбылмақ.