Күндізгі ұйқы адам өмірінің қысқаруына соқтырады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күндізгі ұйқы адам өмірінің қысқаруына соқтырады

Күндізгі ұйқы адам өмірінің қысқаруына соқтырады

Әдетте, кейбір жандар сергек сезіну үшін түсте  ұйқыға бас қоятындығы бар. Бірақ ғалымдар ең дұрысы түнгі ұйқы, ал күндізгі ұйқы адам өмірін қысқартады деген тұжырымға келіп отыр.

  • 26 Сәуiр 2014
  • 805
Фото - Caravan.kz

Ұлыбританиядағы Кембридж  университетінің ғалымдары 16 мың адамға зерттеу жүргізген. Бұл жұмыс 13 жылға созылған.

Қорытындысында көпшіліктің күндізгі көз шырымын алу пайдалы деген ұғымы теріске шықты.

 Күндізгі ұйқыны әдетке айналдырған 40-79 жас аралығындағы жандардың арасында мезгілінен бұрын көз жұматындар саны тек түнде ұйықтайтындардан 14 пайызға артық болу ықтималдығы байқалған. Бір қызығы, күндіз бір сағаттан астам уақыт ұйқыға бас қоятындардың ықтималдығы 32 пайыз болған.

 Мұның негізгі себептері әзірге анықталмай отыр, деп хабарлайды Росбалт.