Google+ әлеуметтік желі ретінде өмір сүруін тоқтатады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Google+ әлеуметтік желі ретінде өмір сүруін тоқтатады

Google+ әлеуметтік желі ретінде өмір сүруін тоқтатады

 Google+ әлеуметтік желісі бөлек өнім ретінде өмір сүруін тоқтатады. Бұл туралы TechCranch корпорациядағы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады

  • 28 Сәуiр 2014
  • 289
Фото - Caravan.kz

Қазіргі кезде Google бұрын әлеуметтік желіні дамытумен айналысқан  кадрлық құрамын, сондай-ақ  Hangouts және Photos сервистерін қайта құруда, ал бұл мыңнан астам қызметкерлер деген сөз. Интернет-корпорация аумағында қазірдің өзінде жаңа корпус салынды, онда  әлеуметтік желіні дамытуға қатысып жүрген команданың бір бөлігі орын тебеді. Сондай-ақ өзгерістер ауқымында Google+, Hangouts және Photos, серваистерін дамытумен айналысатын команданың жартысы   Android бөлімшесіне ауысады.

Google+ командасы бөлігінің корпорацияның ұтқыр бөліміне ауысуы  Google-нің ұтқыр шешімдер, «виджеттер» жасауға шоғырландырылғанын білдіреді, басшылықтың пікірінше, бұл өзінің әлеуметтік желісін жасаумен салыстырғанда компания үшін тиімдірек болмақ.

Google ресми өкілі Вика Гундотраның Google-ден кетуі Google+ стратегиясына ықпал етпейді деп мәлімдеді. TechCranch  ақпараты бойынша Гундотра Google-ті бөлек тұғырнама ретінде сақтауды жақтаған болатын.

Google Inc. — әлемде танымалдығы жөнінен бірінші Google іздестіру жүйесін иеленген   американдық интернет-корпорация. 2014 жылдың І тоқсанынының қорытындысы бойынша корпорацияның таза табысы 3,4 млрд. долларды құрады.  Google+  әлеуметтік желісінде қазір 29 млн.-ға жуық пайдаланушы бар.


Google+ әлеуметтік желісі мен интернет-іздестірушіден басқа компания әлемдегі ең танымал YouTube видоеохостингісін, Gmail пошта сервисін иеленген, сондай-ақ компания ұялы құрылғылары үшін ОС Android жасаушы болып табылады. Google акциялары NASDAQ қор биржасында сатылады.