Астана базарында кілемдер дүңгіршегі өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана базарында кілемдер дүңгіршегі өртенді

Астана базарында кілемдер дүңгіршегі өртенді

Елорда базарында кілемдер дүңгіршегінен өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

  • 28 Сәуiр 2014
  • 367
Фото - Caravan.kz


ТЖ кеше Астананың орталық базарының аумағында кеше 17:18 кезінде орын алды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 25 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады.

ТЖМ ақпараты бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттен болған залал көлемі әзірге белгісіз.