26 шекарашының өмірін қиған әуе апатына кінәлі диспетчер қанша жылға сотталды? - Шымкент - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
26 шекарашының өмірін қиған әуе апатына кінәлі диспетчер қанша жылға сотталды? - Шымкент

26 шекарашының өмірін қиған әуе апатына кінәлі диспетчер қанша жылға сотталды? - Шымкент

Шымкенттің Абай аудандық соты бүгін «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның шымкенттік филиал диспетчері Қанат Ақылбековке айыптау үкімін шығарды.

  • 28 Сәуiр 2014
  • 483
Фото - Caravan.kz

Айыпкер ҰҚК шекара қызметінің Ан-72 ведомстволық ұшағының апатқа ұшырауына әкелген әуе ұшағы қозғалысының қауіпсіздік ережесінің бұзылуына кінәді деп танылды, деп үкімді жария ету кезінде қатысқан «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі мәлімдеді.

Үкімге сәйкес, Қ.Ақылбеков алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Мұнымен қоса, оған бостандыққа шыққаннан кейін үш жыл бойы белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынды.


Тергеу материалдарына сәйкес, диспетчер қону схемасын бұзуы салдарынан ұшақтың қауіпсіз төмендеуі үшін жасанды уақыт тапшылығын туғызған.