Атырауда пара алды деп күдік тағылған полиция қызметкері асылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда пара алды деп күдік тағылған полиция қызметкері асылып қалды

Атырауда пара алды деп күдік тағылған полиция қызметкері асылып қалды

Атырауда Исатай аудандық полиция бөлімінің басшысы өлі күйінде табылған.

  • 28 Сәуiр 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz

Ол кеше қала орталығындағы құрылыс нысанында асылып қалған күйінде табылған, деп бүгін аймақтың құқық қорғау органындағы құлағдар дереккөз мәлімдеді.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова «ИФ-Қазақстан» агенттігіне полиция қызметкерінің қайтыс болғанын мәлімдеп, қазір тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұрын хабарланғандай, аудандық полиция бөлімінің басшысы браконьерлерді бүркемелеп 250 мың теңге және 3 кг қара уылдырық пара алу кезінде ұсталған.


Полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ол өзін нашар сезініп ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлік көмек алған соң ол емдеу орнынан қашып кеткен.