«Антигептил» қозғалысының мүшелері Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыруға қарсы наразылық шарасын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Антигептил» қозғалысының мүшелері Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыруға қарсы наразылық шарасын өткізді

«Антигептил» қозғалысының мүшелері Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыруға қарсы наразылық шарасын өткізді

«Антигептил» қоғамдық қозғалысының белсенділері елордада мемлекет басшысының резиденциясы алдында Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыруға қарсы наразылық шарасын өткізді.

  • 28 Сәуiр 2014
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісінің хабарлауынша, жиырмадан астам адам резиденция алдындағы алаңқайда жарты сағатқа жуық тұрып, Ақорда қақпасындағы жәшікке мемлекет басшысының атына жазылған хатты салды. Хатта олар мемлекет басшысын Байқоңырдан ұшырылатын «Протон» зымырандарының санын қысқартуға шақырған.

Содан соң полицейлер наразы топты автобустарға салып, ішкі істер бөлімшесіне алып кетті.

Бүгін Байқоңырдан тағы бір «Протон» зымыраны ұшырылды. Ол ресейлік «Луч-5В» және қазақстандық «ҚазСат-3» жер серіктерімен бірген ұшырылған болатын.