Алматыда құрылыс алаңында тұрған кран құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құрылыс алаңында тұрған кран құлап кетті

Алматыда құрылыс алаңында тұрған кран құлап кетті

Дүйсенбі күні таңертең Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде кран құлаған.

  • 28 Сәуiр 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

Бальзак пен Попов көшелерінің қиылысында болған төтенше жағдай туралы ақпар құтқару қызметіне таңғы сағат 10:09-да келіп түсті, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

«Төрт қабатты ғимарат салынып жатқан құрылыс алаңында кран құлаған. Салдарынан кранды басқарушы 49 жастағы азамат зардап шекті. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен оны кабинадан шығарып, шатырдың төбесінен жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді», — делінген хабарламада.

Қазір уәкілетті органдар оқиғаның себептерін анықтап жатыр.