Бұл туралы дүйсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама мәлім етті.
«Украинаға қатысты басқыншылық саясатын жалғастыратын болса, Ресейдің банктік және қорғаныс секторларына қарсы санкциялар енгіземіз», — деді ол Ақ үйдің Манилада өткен баспасөз мәслихатында.
«Болашақта жағдай ушығатын болса, осындай қосымша шараларды қолға аламыз», — деп қосты Б.Обама.