Астанадағы «Көркем» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған төтенше жағдайды тексеруге 10 күн қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы «Көркем» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған төтенше жағдайды тексеруге 10 күн қажет

Астанадағы «Көркем» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған төтенше жағдайды тексеруге 10 күн қажет

Астанадағы «Көркем» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған төтенше жағдайды тексеру 10 күнге созылады.

  • 28 Сәуiр 2014
  • 513
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас мемлекеттік инспекторы Ақмәди Сарбасов мәлім етті.

«Орын алған оқыс жағдайды тексеретін арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына жұмыс беруші, жұмысшылар мен өкілетті органдар өкілдері кірді. Тексеру он күн жүргізіледі, соның нәтижесі бойынша нақты шешім қабылданады», — деді ол дүйсенбідегі брифингте.

«Прокуратураның аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғағанын бәріміз білеміз. Қылмыстық іс бойынша (еңбек қорғау талаптарын бұзу) екі жыл түзеу жұмыстары түрінде, сондай-ақ, 500 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген. Бірақ, әзірге мұның бәрі тексеріліп жатыр», — деп атап өтті ол.

А.Сарбасовтың айтуынша, қазір құрылыста зардап шеккен 12 жұмысшының бәрі де ауруханада жатыр.