Ықшамауданды орталықпен қазір жолаушыларға арналған жалғыз аспалы көпір ғана байланыстырып тұр. Көлік қатынасы мүлде жоқ. Халыққа аса қажетті азық түлік мен дәрі дәрмекті төтенше жағдай қызметінің арнайы техникасымен тасып әкелуде. Әзірге ықшамаудан шетіндегі саяжайларды ғана су басыпты. Тұрғын үйлерге қызыл су кіре қоймаған. Бірақ, мамандар оның мөлшері бүгін ертең тағы да көтеріледі деп болжап отыр. Сондықтан Заречное жұрты түгел қауіпсіз жерге көшірілуі мүмкін.