«Антигептил» белсенділерін полиция ұстап әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Антигептил» белсенділерін полиция ұстап әкетті

«Антигептил» белсенділерін полиция ұстап әкетті

Осы «Қазсат-3»-ті алып ұшқан «Протон»-ға қарсы наразылық жалғасуда. Бүгін атышулы «Антигептил» қозғалысы Байқоңырдан көкке көтерілген осы зымыран тасығышқа тыйым салуды талап етіп тағы дүрлікті. 

  • 29 Сәуiр 2014
  • 229
Фото - Caravan.kz


Бұл жолы табиғат жанашырлары арашаны Елбасыдан сұрамаққа келіпті. Сөйтіп Ақордаға қарай бет алды. Топты бастап жүрген «Қазғарыш» төрағасы Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке шақырған Болат Біләлов. Жақтастарын ерткен ол президент сарайының алдындағы жәшікке шағымын тастады. «Протонның» ұшуына тыйым салуды сұраған белсенділердің әрекетін полиция алғашында сырттай бақылап тұрған. Бірақ, наразы топ мүшелері үстіндегі күртешелерін шешіп, жейделеріне жазылған ұрандарды көрсеткені сол еді, тәртіп сақшылары оларды қуып жүріп ұстап автобусқа тиеп алып кетті.