Бес айлық сәбидің жүрегіне күрделі ота жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес айлық сәбидің жүрегіне күрделі ота жасалды

Бес айлық сәбидің жүрегіне күрделі ота жасалды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының бес айлық тұрғыны, бір әулеттің тұла бойы тұңғышы Мәлика Фархатоваға Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиохирургия бөлімінде ота жасалды, деп жазады egemen.kz.

  • 29 Сәуiр 2014
  • 569
Фото - Caravan.kz

Жүрегінде туа бітті ақауы, жүрек қарыншасының тесігі бар деген диагноз қойылған Мәликаға уақыт өткізбей ота жасау қажеттігі туған. Жергілікті хирург-дәрігерлер мен Астана, Мәскеу қалаларынан келген білікті мамандар жүргізген ота сәтті өтті.

Жүректі уақытша тоқтатып, жасанды қан айналымды іске қосатын, сол арқылы өкпе мен жүректің қызметін үйлестіріп тұратын арнайы аппарат арқылы  жасалған ота күрделі өткенмен, нәтижесі жақсы. Дәрігерлердің айтуынша, қазір сәбидің жағдайы жақсы көрінеді.

Айта кетейік, 2013 жылы облыста жүрегінде ақауы бар деп танылған 50-ге тарта бүлдіршінге күрделі ота жасалыпты. Олардың барлығы да бір жасқа толмаған сәбилер екен.