Ғалымдардың зерттеуі бойынша, манго семіздіктің алдын алады. Мамандар бұл жемісті диабет пен жүрек-қан тамырлары, ас қорыту мүшелерінде қиындықтары бар адамдарға жеуге кеңес береді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Гарвард университетінің мамандары мангоның құрамындағы бета-каротин демікпе ауруының алдын алатындығын айтуда. Сондай-ақ күнделікті тағам рационына бета-каротинді қосу обырды да болдырмайтын көрінеді. Сонымен қатар мамандар манго обырдың барлық түрін болдыртпауға көмектеседі деп тұжырым жасауда.