Қашағанда мұнай өндіру тек 2015 жылы жанданады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағанда мұнай өндіру тек 2015 жылы жанданады

Қашағанда мұнай өндіру тек 2015 жылы жанданады

Қашағанда мұнай өндіру тек 2015 жылы жанданады деп күтілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етт

  • 29 Сәуiр 2014
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Консорциумның хабарлауына қарағанда, құбырлар ауыстырылытынын білдім. Осы орайда өндіруді жалғастыру алдағы жылға жоспарланып отыр. Яғни, мен осының алдында айтқанымдай, биыл бізде коммерциялық өндіру болмайды. Сондықтан да кен орнында өндіру алдағы жылдың екінші жартысында немесе соңында жүзеге асырылуы ықтимал»,-деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Қашаған жобасының операторы North Caspian Operating Company (NCOC) құбырды толықтай ауыстыру жоспарымен айналысып жатыр. Бұл жұмыстар биылдың орта кезінде аяқталады деп күтілуде. Осы орайда кен орнында ағымдағы жылы мұнай өндірілуі екіталай. «Сондықтан да бұл консорциумның алдан ала берілген ақпараты. Бірақ олар соңғы ақпаратты биылғы жылдың екінші тоқсанында беруге уәде берген»,-деп нақтылап өтті министр.


Берілген ақпарат бойынша, Қашаған кен орнынан жер бетінде орналасқан «Болашақ» құрылғысына баратын газдың жетпей қалуына құбырлардың сульфидті жарылуы себеп болған. Компания құбырдың зертханалық анализдері мен оның үлгілерін модельдеу қазіргі уақытта Қашаған кен орнындағы құбырдың техникалық талаптары жұмысқа қолайлы болғанын мәлім етті. Ал құбыр H2S бар ортада және суда пайдалануға төзімді болатындай етіп жасалған.