Ауылдық жерлердегі пошта бөлімдері жабылмайды - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылдық жерлердегі пошта бөлімдері жабылмайды - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы

Ауылдық жерлердегі пошта бөлімдері жабылмайды - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы

Ауылдық жерлердегі пошта бөлімдері жабылмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаев айтт

  • 29 Сәуiр 2014
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Ел аузында ауылдық пошта бөлімдері жаппай жабылуы мүмкін деген күдік бар. Халықтың алаңдаушылығын түсінемін. Сондықтан ауылдарда пошта бөлімдерінің жабылмайтынын нақтылап айтқым келеді. Керісінше, бүгінде әр ауылдағы пошта бөлімінде көрсетілетін қосымша қызмет түрлерін көбейту үшін жұмыстар жасап жатырмыз», — деп атап өтті ол.


Оның айтуынша, дәл осы ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелерін дамытудың арнайы бағдарламасы қабылданған. Онда бөлімшелердегі көрсетілетін қызмет сапасын арттыру ғана емес, сонымен қатар қосымша қызметтер көрсету мәселесі де қарастырылған.