«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында тегін кеңес беретін Call-орталық құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында тегін кеңес беретін Call-орталық құрылды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында тегін кеңес беретін Call-орталық құрылды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау көрсету шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің несие беру тәртібін түсіндіру бойынша Call-орталық ұйымдастырд

  • 29 Сәуiр 2014
  • 408
Фото - Caravan.kz

Call-орталықтың қызметі экономикаға шұғыл қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 100 млрд.теңге көлемінде бөлінген қаржы шеңберінде несие алу мәселесі бойынша шағын және орта бизнестің кәсіпкерлер мен ел тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді мақсат етіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ақша қаражаттары Ұлттық қордан бөлініп, 13 коммерциялық банктерде орналастырылды. Аталған банктер шағын және орта бизнеске жылдық 6 % мөлшерлемесімен несие бере бастады. 50 млрд. теңге шағын және орта бизнестің жаңа жобаларын қаржыландыруға бөлінді, оның 25 млрд.теңгесі азық-түлік өндірісіне жұмсалады. 50 млрд. теңгесі өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ субъектілеріне бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға бағытталады.

Айта кетейік, «Даму» қорының Call-орталығына Қазақстан Республикасының қалалары мен аудандарында тұратын барлық азаматтар 1408 нөмері арқылы тегін хабарласа алады. Сall-орталықтың операторлары несие беру шарттары, қарыз алушыларға қойылатын талаптар, несие беретін банктер туралы, жоба сараптамаларының процедураларына қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.


Банк менеджерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің орын алуы, дәлелді себептерсіз несие беру процесін созу т.с.с. барлық мәселелер бойынша тікелей Call-орталыққа немесе «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына хабарласуға болады.

«Даму» қорына несие беру мәселелерін қарастыру кезінде ЕДБ қызметкерлері арасында жемқорлық және парақорлық фактілері бойынша кәсіпкерлердің өтініштері мен арыздарын тіркеп, оларды жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдарға жіберу тапсырылды.

Егжей-тегжейлі ақпаратты өңірлеріңіздегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан алуға болады, деп хабарланған қордың баспасөз хабарламасында.