Атасынан қалған ғажайып қаруды ақшаға сатты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Атасынан қалған ғажайып қаруды ақшаға сатты

Атасынан қалған ғажайып қаруды ақшаға сатты

Оқ жаудыратын күрек! Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны соғысқа қатысқан атасынан қалған ғажайып қаруды тәртіп сақшыларына тапсырды.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 189
Фото - Caravan.kz


Бұл қаруды Кеңес жауынгерлері соғыс кезінде күрек ретінде де пайдаланыпты. Ал сабына тіреп тігінен қойғанда, шағын миноатқышқа айналады. Атасынан қалған бұл дүниені Пресновка ауылының тұрғыны 70 жылдай сарайында сақтаған. Кез-келген мұражайға жәдігер болуға жарайтын затты ол тәртіп сақшыларына ақшаға өткізді. Қазір қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына қарай миноатқыштың құны да  анықталмақ.