Қарағандыда жетім жігіт емделуге ақша таппай жылап жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жетім жігіт емделуге ақша таппай жылап жүр

Қарағандыда жетім жігіт емделуге ақша таппай жылап жүр

Ал Қарағандыда осыдан 3 ай бұрын кафеде болған жарылыстан зардап шеккен Алексей Бахтин көмекке зәру. Қолы боста кафеде жұмыс істеп жүрген студенттің сол түнгі жарылыста денесінің 48 пайызы күйген. Қазір 21 жастағы жетім бала жағдайына пысқырып қарамаған кафе қойжайынан емделуге өтемақы ала алмай сабылып жүр. 

  • 30 Сәуiр 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz

23-ші қаңтар күні қала ортасындағы дәмханада газ жарылып, 10 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Денесінің 70 пайызы мен тыныс алу жолдары күйіп кеткен 56 жастағы аспаз әйел сол күйі ем жимай қайтыс болған еді. Ал денесінің жартысын от шарпыған Алексей аурухана төсегінде 20 күн таңылып жатқан. 6 рет ота жасалғанымен, алда әлі сан рет пышаққа түсуге тура келіп тұр. Жалғыз әжесінің жиған тергені де дәрі дәрмекке түгесіліпті. Алғашында қолдан келгенді жасаймын деп ант су ішкен кафе қожайыны кейін сөзінен айнып қалған. Құзырлы органдардың оған қарсы қозғаған ісі созбалаңға салынып, прокуратураға жазылған шағымдары да жауапсыз қалыпты.   


Татьяна Городилова А. Бахтиннің әжесі:

Көмектесемін дегенімен кейін қарасын көрсетпей кетті. Не істерімді білмеймін. Мына ұлдың ем домына 600 мың теңгеден аса қаражат кетті. Дәрі дәрмек қымбат. Әлі талай шашылуға тура келеді. Прокуратура мардымды жауап атпайды, кафе қожайыны да алдап кетті. Амалым құрып отыр