Ақтөбеде шенеуніктер аяғы жоқ мүгедекке балдақ беріп мазақ қылған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде шенеуніктер  аяғы жоқ мүгедекке  балдақ беріп мазақ қылған

Ақтөбеде шенеуніктер аяғы жоқ мүгедекке балдақ беріп мазақ қылған

Ақтөбелік жарымжан азамат бір жылдан бері далаға шыға алмай отыр. Семейдегі ядролық сынақ зардаптарын жоюға қатысқан Алмат Айтжановтың екі аяғы да жоқ. Оның үстіне қарайлап отырған әйелі былтыр аяқасты бақилық болған. Жігіт ағасы содан бері дала көрмепті. Мүгедек әкені көтеріп жүруге екі қызының әлі келмейді. Ал арба сұраған жарымжанға, шенеуніктер мазақ қылғандай балдақ пен протез беріп жіберіпті.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 305
Фото - Caravan.kz

Алмат Айтжанов 80-ші жылдары Семейдегі сынақ алаңында әскери қызметте болып, әлі соның зардабын тартып келеді. Радиацияның кесірінен тамырына қан бармай, дәрігерлер алғашқыда башпайынан бастап кейін аяғын бөлшектеп кесе бастаған. Қос аяғынан айырылған азаматты көтеріп, тіпті жуындыруға да қыздарының әлі келмейді. Сондықтан он күнде бір рет туыстарын шақырады. Ал арба сұрап хабарласқан әлеуметтік бөлімдегілер мазақ қылғандай балдақ пен протез әкеп беріпті. 

Алмат Айтжанов, Бірінші топтағы мүгедек:

Мынау балдық жаңасымен әлі тұр. Мынаны берді бірақ киіп жүргенім жоқ қарық қылып. Екінші аяғымды шауып, екінші аяғымды не қылып кетті. Енді арба керек маған.

Алмат туыстарына масыл болып отырғанына налиды. Мүгедектігі үшін алатын жиырма мың теңгесі дәрі-дәрмегіне ғана кетеді. Былтыр жұбайы қайтыс болып, үлкен қызы амалсыз жұмысынан шыққан. Кенжесі университетте ақылы бөлімде оқиды.Әлеуметтік қызметкер болса ауыртпалығымыз жеңілдер еді дейді.

Алмат Айтжанов, Бірінші топтағы мүгедек:

—  Әлеуметтік орталықтың адамы жоқ. Беретін қан айналатын дәрісін де бермейді. Алдында бір адамы бар еді. Ол жұмыстан шығып кеткен.

Алмат Айтжановты шенеуніктер әзір жарылқамайтын сыңайлы. Себебі өңірде мүгедектер арбасын алуға әлі тендер жарияланбаған. Оның қашан ұйымдастырылатыны да белгісіз. Ал жарымжан жанға әлеуметтік бағдарламалары бөліміндегілер туыстары қарасын деп қарап отыр.

Ләйлә Досмағанбетова, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Мүгедектер арбасын тендер жариялаған соң береміз. Ол бірер айдан соң болады. Облыстық департаменттен келгенде тапсырамыз. Ал қасына әлеуметтік қызметкер бөле алмаймыз. Туыстары бар ғой қарайтын. Заң солай.

-Бірінші топтағы мүгедек дәрігерлерге қатты өкпелі. Аяғы ісіп, жарасы іріңдеп жатса да ешбір аурухана қабылдамаған. Бір аптаның ішінде жедел жәрдем 3 рет келіп, қолдарынан келетін қайран жоғын айтыпты. Ал ауруханаға жедел жатқызу үшін міндетті түрде қызуы көтерілуі керекекен.