Маңғыстау облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында пойыз  жеңіл көлікпен соқтығысты

Маңғыстау облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты! Отарба жеңіл көлікті қағып бірнеше метр жерге сүйреп әкеткен. Көліктің тізгінінде отырған 32 жастағы тәртіп сақшысы оқиға орнында қаза тапты.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 152
Фото - Caravan.kz


Оқыс оқиға Өмірзақ ауылының маңында болған. Вагондарына толтыра жүк тиеген отарба станцияға тақалған тұста Жигули арғы бетке өтіп кетпекке әрекет жасапты. Бірақ үлгермеді. 16 вагонды тіркеген пойыз жеңіл көлікті ондаған метрге сүйреп тастаған. Темір тұлпар тонналық отарбаның астында түгі қалмай қирады. Жүргізуші, 32 жастағы полицей оқиға орнында қаза тапты. Ал оның жанында болған жолаушы аман қалған.