Африкалық алаяқтар қағаздан жалған доллар жасап тұрғындарды алдаған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Африкалық алаяқтар қағаздан  жалған доллар жасап тұрғындарды алдаған

Африкалық алаяқтар қағаздан жалған доллар жасап тұрғындарды алдаған

Қара қағазды ақша деп алдаған! Алматыда жалған доллар жасап, пайдаға кенелмек болған Камерун азаматтары ұсталды.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz


Африкалық алаяқтар қара түсті қағазды әлдебір сұйықтыққа малып, ақша жасау сиқырын көрсеткен. Осылайша аңғал тұрғындардың 300 мың долларын қалталарына баспақ болыпты. Алаяқтардың арбауына қанша адамның түскені әзірге белгісіз. Бір анығы астыртын кәсіптерімен олар көптен бері айналысқан. Шетелдіктердің жалдамалы пәтерін тінту кезінде сол бума-бума қағаз бен сиқырлы сұйықтық табылып, тәркіленді.