«KazEOSat-1» ұшпай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KazEOSat-1» ұшпай қалды

«KazEOSat-1» ұшпай қалды

Еліміздің жерді қашықтықтан бақылайтын бірінші жерсерігі ұшпай қалды. «KazEOSat-1» Француз Гвианасының «Куру» ғарыш айлағынан бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 7:35-те көкке көтерілуі тиіс болатын. Алайда аяқасты ақау шығып, ұшырылым кейінге шегірілген.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 212
Фото - Caravan.kz

Оның үстіне қалың тұман түсіп жағдайды қиындатып жіберіпті. Осылайша, спутникті ұшыру ертеңге қалған. Оны орбитаға еуропалық «Вега» зымыран-тасығышы жеткізуі тиіс. Бүгін жолы болмаған «KazEOSat-1» ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік, қорғаныс саласы мен ауа-райының өзгеруі жайында ақпараттар жинайды. Орбитадан түсірілген таспа тиісті құзырлы мекемелерге жіберіліп отырады. Бұған дейін мұндай мәліметті Қазақстан шетелдік әріптестерінен  сатып алып отырған. Спутникті Ұлттық ғарыш агенттігінің тапсырысы бойынша француз компаниясы жасап шығарған. Ал шенеуніктер ақаудың қалпына келеріне сенімді.


Мейірбек Молдабеков, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары:

-Жер серігінің ұшырылуына 10 минут қалғанда ақау табылған. Ақылдаса келе, тәуекелге бармауды жөн көрдік. Енді тағы тыңғылықты тексеруден өтіп ертең ұшады деп отырмыз.