Қашағандағы апаттан бюджет 2 миллиард доллардан қағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Қашағандағы апаттан бюджет 2 миллиард доллардан қағылды

Қашағандағы апаттан бюджет 2 миллиард доллардан қағылды

Әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі – Қашағандағы құбыр желісі түгел қайта ауыстырылмақ. Өйткені әлі пайдаланып та үлгермеген алдыңғылары тот басып кәдеге жарамай қалған. Ал Қашағандағы апаттан ел бюджеті біраз шығынға ұшырайтын түрі бар. 

  • 30 Сәуiр 2014
  • 297
Фото - Caravan.kz


Былтыр кен орны ашылған кезде теңіз астымен тартылған құбыр 2 рет жарылып өндіріс мүлдем тоқтаған болатын. Оның жақын арада жандануы екіталай. Теңіз астындағы 200 шақырымға созылатын құбыр ауыстыру жұмыстарының өзі кемі бір жылға дейін жалғаспақ. Сондықтан мұнай өндіру  2015-ші жылдың соңынан басталуы мүмкін. Егер де, тағы тосын жайт орын алмаса. Ал апаттан көз ашпаған Қашағанның тұралауынан Қазақстан биыл  жарты пайыз ішкі өнімнің өсімінен қағылады. Бұл шамамен 2 миллиард доллар. Кенішке мол инвестиция құйған АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен италиялық алпауыт мұнай компаниялары да межелеген табысынан қағылары анық.