Қазақстанда «Жыл кәсіпкері -2014» байқауы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «Жыл кәсіпкері -2014» байқауы басталды

Қазақстанда «Жыл кәсіпкері -2014» байқауы басталды

«Ernst & Young» компаниясы Қазақстанда «Жыл кәсіпкері-2014» байқауының басталғандығы жайлы хабарлайды. Жеңімпаз 2015 жылдың маусымында Монте-Карлода өтетін халықаралық байқаудың финалына Қазақстан Республикасы атынан қатысады.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz


Байқауға қатысуға Қазақстанның барлық өңірлерінен өз бизнесінің табысқа жету тарихымен бөлісуге дайын кәсіпкерлер шақырылады.

Компания айналымының өсу динамикасы, пайданы арттыру және жұмыс орындарының саны — сандық көрсеткіштерімен қатар, сапалық көрсеткіштері — іскерлік тәжірибедегі жаңашылдық деңгейі, өзіндік өнім шығару, маркетинг және тұрмыс саласында шығармашылық шешімдер, ұлттық және халықаралық нарықтарды игеру деңгейі, стратегиялық даму ерекшеліктері, қызметкерлерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру, бірлескен әлеуметтік жауапкершілік саласындағы бастамаларды жүзеге асыру, көшбасшылық, сонымен қатар кәсіпкердің абыройы мен жеке тұтастығы жеңімпаздарды анықтау белгілері болып табылады.

Айта кетейік, Қазақстандағы «Жыл кәсіпкері-2014» байқауы EY Entrepreneur Of The Year Awards халықаралық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бұл байқау 25 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді, ол — кәсіпкерлік саласындағы халықаралық байқаулар арасындағы ең беделдісі және танымалы. Байқау географиясына әлемнің 60 елі енеді.

«Жыл кәсіпкері-2014» байқауына қатысуға өтініштер 2014 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады. Толық ақпаратты www.ey.com/kz/eoy сайтынан таба аласыздар, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.